Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жаңа басшы өзінің лауазымдық міндеттеріне 5 қыркүйектен бастап ресми түрде кірісті
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы болып подполковник Қожамқұлов Арман Есполатұлы тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Арман Есполатұлы Алматы облысының тумасы. Әскери еңбек жолы 1998 жылы басталды.
2018-2022 жылдар аралығында Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы әскери бөлімде бірнеше ботальонның командирі, әскери бөлімнің жасақтау бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған.
2022-2023 жылдары Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің штаб бастығы - Департамент бастығының бірінші орынбасары болды.
Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы өзінің лауазымдық міндеттеріне 5 қыркүйектен бастап ресми түрде кірісті.