Бүгін екі өңірге жаңа әкім тағайындалып, екі өңірдің әкімі орнынан босатылды
Одан өзге Экология және табиғи ресурстар министрлігіне де жаңа басшы келді
Фото:
primeminister.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда ақпаратында.
Ақмола облысының әкімі лауазымына Марат Мұратұлы Ахметжанов, Жамбыл облысының әкімі лауазымына Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев тағайындалды.
Ал Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан, Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды.