Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
481.84
-1.02
531.33
-1.84
¥
68.66
-0.15
5.07
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде 30-дан астам шетел азаматы заңсыз еңбек еткен

Оларды жұмысқа алған алты адам да әкімшілік жауапқа тартылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде 30-дан астам шетел азаматы заңсыз еңбек еткен
Фото:
Polisia.kz

Құрылыста жүрген шетелдіктер Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген азаматтар, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" ЖПІШ аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласында уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке үйлер салуды жүзеге асырған Өзбекстанның 21 азаматын және Тәжікстанның 13 азаматын анықтады. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-ның 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілік түріндегі жазаға тартылған, оларға 100 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды.

ШҚО-да жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.

Следующая →