Еліміздің кей өңірлерінде қарлы жауын жауады
Қазақстанның кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады
![Усть-Каменогорск и ВКО / Еліміздің кей өңірлерінде қарлы жауын жауады Усть-Каменогорск и ВКО / Еліміздің кей өңірлерінде қарлы жауын жауады](/upload/iblock/716/wyb365waeqh7dxwly5o0hqf0w4i4jppk/tuman_gololed_i_silnyy_veter_ozhidayutsya_v_vko.jpg)
Фото:
Устинка LIVE
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде уақытта жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 5 қыркүйекте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда.