"Қазақстан" шахтасындағы комиссия жұмысы 10 күнге ұзартылды
"Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан болған топтық апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылды
Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған, - делінген хабарламада. - Тоғыз бөгет тұрғызылды және 100% толтырылды, 3 бөгеттің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды, - дейді құтқарушылар.