Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін ШҚО-да он мыңға жуық бала 1-сыныпқа барды

Бүгін Шығыс Қазақстанның 343 мектебінің 98 мың оқушысы үшін алғашқы қоңырау соғылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгін ШҚО-да он мыңға жуық бала 1-сыныпқа барды
Фото:
Устинка LIVE

Оның ішінде бірінші сыныптың 9 654 оқушысы мектеп табалдырығын алғаш аттады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

1 қыркүйек күні Шығыс Қазақстанның барлық мектептерінде салтанатты жиындар мен сынып сағаттары өтті.

Айта кетейік, облыста апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді. Бүгінгі таңда білім беру объектілерін салудағы негізгі мақсат - замануи оқыту жағдайлары бар жайлы және қауіпсіз орта құру болып табылады.

Білім басқармасының ақпаратына сәйкес, 2023 жылы облыс бойынша 4200 орындық он бір мектеп салу жоспарланған. Олардың жетеуі "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында салынбақ.

Оқу жылы қарсаңында 70 білім беру мекемесінде ағымдағы жөндеу, жетеуінде күрделі жөндеу жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Мәселен, өңірдің 316 мектебінде 97 414 оқушы ыстық тамақпен, 27 мектепте 693 оқушы буфеттік тамақпен қамтылады. Осы мақсаттарға 1,7 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, 99 елді мекенде 4208 бала үшін 128 автобуспен күнделікті тасымалдау жүзеге асырылады, оның ішіндегі 11 бірлік техника ағымдағы жылы сатып алынды.

Барлық білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.

Оқулықтарды сатып алуға 450 млн теңге бөлінді.

Следующая →