Далалық жаттығуда жүрген әскерилер Президент Жолдауын тыңдады
Мемлекет басшысы өз Жолдауында адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті
Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады, деп хабарлады Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.
Мен, өз Отаныма адал қызмет ететін азамат ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы талаптарын мүлтіксіз орындап, үлкен сеніммен қараймын. Президент нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты, - деді қатардағы жауынгер Мирзабек Бауыржан.
Далалық оқу-жаттығу жиынында жүрген 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы да Президент Жолдауын жібермей тыңдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы әскери бөлімнің жеке құрамы арасында мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында арнайы оқытылып, насихатталатын болады.