Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде 19 жастағы есірткі қойып кетуші ұсталды

Күдіктіні 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде 19 жастағы есірткі қойып кетуші ұсталды
Фото:
Polisia.kz

ШҚО полицейлері жыл басынан бері 300 келіге жуық түрлі есірткі затын тәркілеген, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында облыс орталығы көшелерінің бірінде 19 жастағы есірткі қойып кетушіні ұстады.

Жігітті дереу тінту кезінде полицейлер салмағы 18,94 грамм мефедрон және 4,62 грамм a-RVP психотроптық заттарын барсеткадан тауып, тәркіледі. Есірткінің жалпы салмағы 23,56 грамм болды. Жас жігіттің айтуынша, ол тыйым салынған заттарды одан әрі сату мақсатында сақтаған. Қазіргі уақытта ер адам соттың санкциясымен қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Оған қатысты ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Жыл басынан бері ШҚО полицейлері 275 келі түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 5 келіден астам синтетикалық зат тәркілегенін айта кеткен жөн.

Следующая →