Алты адам Шалқар көлінің арғы жағалауынан қайта алмай қалған
Кеше ШҚО ТЖД Ұлан ауданындағы Шалқар көлінің арғы бетінде қалып қойған sup-бордистерге көмекке барды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен
Sup-тақтаға мінген экстрим сүйгіш алты адам Шалқар көлінің арғы жағалауына өткен. Алайда ауа райы күрт өзгеріп, жел тұрған. Спортшылар бергі жағаға өз күштерімен қайтап орала алмасын біліп, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен келіп, 1996 және 2004 жылы туған екі жігітті, сондай-ақ 1980 жылы туған әйелге құтқару кеудешелерін кигізіп, жағаға дейін жеткізді.
Тағы үш азамат жағаға жаяу баруды жөн көрді.