Өскемендегі әскерилердің балалары оқу құралдарымен қамтылды
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміндегі әскери қызметшілердің балаларына "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілік көмек көрсетілді
Каспи банк, Халық банк, Жусан банк, Отбасы банкі және "Промтехмонтаж" ЖШС, "УК ТРК Сити" ЖШС ұйымдарының демеушілігімен балаларға мектепке қажетті керек-жарақтар, сөмкелер табыс етілді.
Оқушылар мен олардың ата-аналары демеушілерге алғыстарын білдірді.Мектепке жол акцияның мақсаты - көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Біздің әскери құрамның қатарында да көпбалалы отбасылар, жалғызбасты ата-аналар бар. Сондықтан біз оларға балаларын мектепке дайындауға қол ұшын созу үшін "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілерді көмекке тарттық, - деді 27943 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Азамат Джумагазиев.