Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

О. Бөкейдің 80 жылдығы Катонқарағайдан басталып, республика көлемінде атап өтіледі

Биыл қазақтың белгілі жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толды

Усть-Каменогорск и ВКО / О. Бөкейдің 80 жылдығы Катонқарағайдан басталып, республика көлемінде атап өтіледі
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстаннан шыққан талантты тұлғаның мерейтойы республика көлемінде аталып өтпек, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қаламгердің еңбегін дәріптеп, есімін еске алуға арналған іс-шаралар Астана, Алматы шаһарларымен қатар Оралхан Бөкейдің туған жері Қатонқарағай ауданында да ұйымдастырылады.

25 тамыз күні Катонқарағай ауылында О. Бөкейдің 80 жылдығына арналған сквердің, ал Шыңғыстай ауылында жазушының бюсті мен музей-үйінің ашылуы, мерейтойға арналған кітаптың тұсаукесері болады. Сондай-ақ, суретшілердің "Алтай бояулары" пленэр-көрмесін тамашалауға болады.

Катонқарағай ауылында республикалық бәйге мен гала-концерт жоспарланған.

Ал 15 қыркүйекте Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда "Өз отыңды өшірме" дөңгелек үстел отырысы өтеді. Қала тұрғындары "Жастар" театрында "Қар қызы" спектаклін тамашалай алады. Бұл күні Хазірет Сұлтан мешітінде Оралхан Бөкейдің рухына арнап ас беріледі.

Мерейтойлық шаралар 28, 29, 30 қыркүйек күндері Алматы қаласында жалғасын табады. 28 қыркүйекке ҚР Жазушылар одағының конференциясы, ас беру жоспарланған. 29 қыркүйек Республика сарайында аламан айтыс өтсе, 30 қыркүйек күні Оралхан оқулары қорытынды шарасы өтеді.

Следующая →