ШҚО-да он бес мыңға жуық балаға 40 567 теңгеден берілді
Өңірдегі аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындау үшін 895 млн теңге бөлінген
Өткен жылы "Жалпыға бірдей білім беру" қорынан көмек көрсету шарттары өзгерді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
ҚР Үкіметі қаулысының өзгерістеріне сәйкес әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға киім, аяқ киім, оқу құралдарын, керек-жарақтарын сатып алу үшін ата-аналарының шоттарына 40 567 теңге аударылады.
Әлеуметтік шаралармен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 22 мың бала қамтылды. 14 540 оқушыға киім, аяқ киім және мектеп керек-жарақтарын сатып алуға жергілікті бюджеттен 895 млн теңге бөлінді, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.