ШҚО тұрғындары АХАТ қызметтерін көбінесе онлайн ала бастаған
АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға өткен сәттен бастап мыңнан астам мемлекеттік қызмет онлайн түрде көрсетілді
Онлайн түскен өтінімдердің жартысынан көбі балаға арналған алғашқы құжатты проактивті форматта алуға арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚОФ ақпаратына сүйеніп.
Цифрлы қызметтер қарқынды түрде дамып келеді. Бүгінгі күні қандай да бір өмірлік жағдай туындаған кезде азаматтарға проактивті форматта қызмет көрсету үшін SMS-хабарламалар жіберіледі. Мысалы, бала туған кезде ата-анаға баланың тууына байланысты жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама келіп түседі. Оны тағайындау үшін осы хабарламаға келісіммен жауап беру жеткілікті. Өтінім беру үшін мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс екенін атап өтемін. Бұл қызметті мобильді қосымшада белсенді түрде алуда, - деді "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.
Бұдан басқа, әлеуметтік саланың ең танымал қызметтері мен анықтамалары екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында көрсетілуде. Олардың қатарында бала туғанда және оның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау және т.б.
Еске салайық, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары "Азаматтарға арналған үкіметке" берілді. Бұл ретте АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсетеді. Мемлекеттік корпорация қызметкерлер, оның ішінде ХҚО операторлары АХАТ ақпараттық жүйесіне кіре алмайды.