ШҚО-да Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына тағы 15 млрд теңге қажет
Биыл көпір құрылысына 8 млрд теңге кетсе, республикалық бюджеттен қосымша 15 млрд теңге сұралып отыр
Осы және облыстағы жол жөндеу жұмыстары жайында ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерінде 28,4 млрд теңгеге 97 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 392 шақырымды қамтитын 90 жоба аяқталады.
Облыстық және аудандық маңызы бар 392 км жолды және елді мекендердің көшелерін жөндеуге 20,4 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде: Өскемен-Алматы автомобиль жолы бағытындағы Жібек жолы көшесінің 5,3 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстың автомобиль жолдарының жалпы желісі 5265 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 1238 шақырым, облыстық жолдар 1587 шақырым, аудандық жолдар 2440 шақырым. Облыстық маңызы бар жолдардың 186 шақырымын, аудандық маңызы бар жолдардың 72 шақырымын, елді мекен көшелерінің 134 шақырымына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Облыстық және аудандық маңызы бар 242 шақырым жолдарға 7,7 млрд теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі жөндеу жұмыстары Өскемен-Тарғын-Самар (38 км), Күршім-Қалжыр (30 км), Сібір көлдері (25 км), Жаңа Бұқтырма кентіне кіреберіс (2 км), Ақжар (18), Зайсан-Шілікті (27,5 км), Ақжар-Шілікті (15 км) ауылдарына кіреберіс бағыттары бойынша орындалады, сондай-ақ ірі елді мекендердегі басқа да кірме жолдар жасалады, - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров.
Бүгінгі таңда жоспарланған 392 шақырымдық жолдың 215 шақырымы жөнделді, бұл 55% құрайды.
Айта кету керек, көпірлерді реконструкциялауға 8,017 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде: Биыл Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысында 8 млрд теңге игерілді, жұмыстарды жалғастыруға республикалық бюджеттен қосымша 15 млрд теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Сондай-ақ, Күршім ауылындағы Дінгек каналы арқылы өтетін көпірді жалпы құны 350,6 млн теңгеге жөндеу жұмыстары аяқталды.