Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Полиция қызметкерлері банктерді аралап, интернет алаяқтық жайлы ескертті

Өскемен қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Халық банкінің барлық филиалдарын аралап, ондағы халыққа сақтық шараларын ескертті

Усть-Каменогорск и ВКО / Полиция қызметкерлері банктерді аралап, интернет алаяқтық жайлы ескертті
Фото:
Өскемен қалалық Полиция басқармасынан

Тәртіп сақшылары банк клиенттерінен өзге, несие беретін банк менеджерлерімен де кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық Полиция басқармасы ақпаратына сүйеніп.

Халыққа интернет желісінде және телефон арқылы жиі жасалатын алаяқтық схмелары түсіндірілді. Тәртіп сақшылары азаматтарды бөтен адамдарғадербес деректерін, өз карталары мен шоттарының деректерін, смс-хабарламалардың кодын хабарламауға, күдікті тұлғаларға сенбеуге, олардан келіп түскен кез келген ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырды.

Сондай-ақ, банк менеджерлеріне үшінші тұлғадан несие ресімдеуге жол бермеу ескертілді. Банк қызметкерлеріне клиентке несиені ресімдеу және ақша қаражатын беру кезінде клиенттердің эмоционалдық жағдайына назар аударып, сақ болу ұсынылды.

Алаяқтардың арбауына түскен болсаңыз, дереу полицияға "102" каналына хабарлаңыз.

Следующая →