Ертең ШҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады
Синоптиктер 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Облыстың кей өңірлерінде найзағай, кей өңірлерінде жел күшейеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Қазгидромет" ақпаратына сүйеніп.
16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен ауысады, - делінеген ақпаратта.
Өскемен қаласында 16 тамызда найзағай күтіледі.
ШҚО ТЖД тұрғындардан келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.