ШҚО-дағы туристік саланы дамыту үшін шетелдік блогерлерді шақыру ұсынылды
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев аудан-қалалардың әкімдерімен кеңес өткізіп, облыстағы түрлі салаларда атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады
Мәселен, жиын барысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Елдос Байрахметов туризмді дамыту тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Шығыс Қазақстан туристер үшін тартымды өңір, ол өзінің ерекше табиғатымен танымал, барлық төрт мезгілде маусымдық ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірегей мекен. Алайда іс жүзінде туристік әлеуетті толық ашу мүмкін емес.
Туристер ағынының нақты бейнесін көру үшін Елдос Байрахметов ұялы байланыс операторларымен бірлесіп аналитикалық зерттеу жүргізуді ұсынды. Сондай-ақ, трамвай-кофехананы іске қосу, ҚР және таяу шет елдердің блогерлері үшін түрлі ақпараттық турлар өткізу идеяларында айтып өтті.
Сонымен қатар, оларға қосымша ақпарат алуға және табиғи ортаға рекреациялық жүктемені сақтау үшін оларды белгілі бір маршруттар бойынша қайта бағыттай отырып, туристік ағынды реттеу мәселесін шешуге көмектесетін өңірлік туристік визит-орталықтар құру қажет, - деді Елдос Байрахметов.
Облыс әкімі өңірде туризмді табысты дамыту тәжірибесін кеңейту қажеттігін атап өтті. Мысал ретінде Катонқарағай ауданының Коробиха және Риддер қаласындағы Поперечное ауылдарында 3 жылдан бері тиімді іске асып келе жатқан дүниені айтып өтті. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін ұзақ уақыт бойы сәтті нәтиже көрсеткендермен кездесу керектігін жеткізді.
Ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Идеялар бар, олар тек ауқымдылықты қажет етеді. Аудан әкімдерімен даму перспективаларын талқылау, Коробиха мен Риддердің тәжірибесін қарау қажет. Бүгінгі таңда облыстағы туристік әлеуетін танытып, туризмнің бренд-амбасадорларын осы іске жұмылдыру қажет, - деп түйіндеді Ермек Көшербаев.