Қазақстанда бір жыл ішінде қоқыс шығару тарифі 31%-ға қымбаттады
Ел бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифі 403 теңгені (бір адамға) құрайды
Ал Өскемен қаласында бұл тариф 431 теңге, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасындағы ақпаратқа сүйеніп.
2023 жылғы маусымда Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифы 403 теңгені (бір адамға) құрады. Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда тариф 31% қымбаттады, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Ең жоғары тариф Алматы – 553 тг, Ақтау – 504 тг (2022 жылғы маусым – 250 тг.), Орал – 496 тг (2022 жылғы маусым – 286 тг.) қалаларында тіркелді. Қоқыс шығарудың ең төмен бағасы Тараз қаласында байқалды – 94 тг, онда тариф өткен жылдан бері өзгермеген.