Өскемен
ясно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +34°
$
532.74
+6.24
617.23
+5.59
¥
74.2
+0.86
6.77
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 8 адамнан қызылша ауруы анықталды

Қызылшамен ауырғандардың арасында көбі екпе қабылдамағандар

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 8 адамнан қызылша ауруы анықталды
Фото:
Устинка LIVE

Қызылшаның аймаққа алғашқы жағдайы Түркиядан әкелінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО СЭБД ақпаратына сүйеніп.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазинаның мәлімдеуінше қызылшаға шалдыққан деген 14 жағдай тіркелді, 8 пациентте диагноз расталды, 4 науқаста расталмады, 2 науқасқа диагноз қойылған жоқ.

Қызылшаның аймаққа алғашқы жағдайы Түркиядан әкелінді, 7 жағдай осы жерде орын алды. Қызылша диагнозы қойылған науқастардың 88%-ы егілмеген. 8 науқастың екеуі ересек адам, қалған алтауы 14 жасқа дейінгі балалар. Инфекцияның таралу себебі, ең алдымен, қызылшаға қарсы иммунизацияның болмауы, вакцинацияланбаған, - деді Сәуле Сләмғазина.

Сондай-ақ, ол елде қызылшаға қарсы балалар 1 жасында ККП вакцинасымен егіліп, 6 жасында сол вакцинамен қайта вакцинацияланатынын еске салды.

Жоспарлы екпелерден басқа, 2023 жылы елде 1 жастан 17 жасқа дейінгі адамдарға қызылшаға қарсы иммундау науқаны басталды. ШҚО бойынша вакцинацияланбаған 1664 адам анықталды, бүгінгі күні олардың барлығы вакцинацияланды, - деп атап өтті Сәуле Сләмғазина.

Следующая →