Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменге келген түрік дәрігерлері үш пациентке күрделі ота жасады

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықта түрік дәрігерлері қазақстандық әріптестерімен тәжірибелерінем бөлісті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменге келген түрік дәрігерлері үш пациентке күрделі ота жасады
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен

Нейрохирург пен ассистент ісікті бір мезетте мұрынның екі тесігі арқылы алу жолын көрсеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ақпаратына сүйеніп.

Шетелдік мамандар гипофиз аденомасын бір де бір тіліксіз, трансназальды әдіспен "төрт қолмен" алып тастады.

Анкара қаласындағы Гази университетінің қызметкерлері, медицина ғылымының докторлары Шахин Муаммер Мелих пен Эмрах Челтикчи бас сүйегінің нейроонкологиясы мен хирургиясы бойынша маманданған дәрігерлер. Олар университет базасында жылына шамамен 1300 осындай операция жасайды.

Облыстық нейрохирургтар түрік әріптестерінің шеберлігіне таң қалды.

Бірегей отаның бұл түрі 20-25 минутқа созылды. Дәрігерлер "төрт қолмен" жұмыс істеді. Бұған дейін біз астаналық әріптестеріміздің қатысуымен осындай оталар жасадық, операция уақыты шамамен екі сағатқа созылған-ды. Біз әріптестерімізге өте ризамыз, қазір науқастар өздерін жақсы сезінеді, әзірге стационарда, - деді орталықтың инновациялық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Уап.

imgonline-com-ua-Resize-ZgJVO2s1cMoQ5.jpg

Оның айтуынша, гипофиз ісігін аз инвазивті әдіспен алып тастау отасын біздің шығысқазақстандық нейрохирургтер бұрыннан жасайды. Алайда олар қатерлі ісікті ешқандай тіліксіз, мұрынның бір тесігі арқылы ғана алатын.

Түркиялық дәрігерлердің тәжірибесі отаны "төрт қолмен" жасауға мүмкіндік берді. Нейрохирург пен ассистент ісікті бір мезетте мұрынның екі тесігі арқылы алуға қол жеткізді. Соның нәтижесінде ота жасау уақыты екі сағаттан 20-25 минутқа дейін азайды, ісікті кішірейту мүмкіндігі артты, кеңейткіштерді қолданбай-ақ жасалған манипуляциялар операция кезіндегі жарақаттануды азайтады, - деп толықтырды Жандос Уап.


Следующая →