Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды
Әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу 2018 жылдан бері жасалмаған болатын
Үржар ауылының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Әуежайдың ұшу-қону жолағын, аэровокзал ғимаратын қайта құру жобасы 2020 жылы жасалған.
Пайдалану басталған кезден бастап, яғни, 2008 жылдан бері Үржар әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізілген жоқ, - делінген әкімдік ақпаратында. - Әуе айлағындағы үшін ұшу-қону жолағы, такси жолы, перрон қайта жаңартылып, жарық белгі беру жабдығы орнатылды, әуежай периметрі қоршалды.
Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 метр. Жаңарту жұмыстарынан кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, модернизациядан кейін Үржар ауылының әуежайында шағын авиациялық ұшақтарды ғана емес, сонымен қатар Embraer, Bombardier және т.б. санатындағы ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды.
Туристік маусым кезінде "Оңтүстік аспан" авиакомпаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал QAZAQ AIR авиакомпаниясы Астана қаласына әуе рейстері ашылды. Билеттердің бағасы субсидиялау есебінен төмендетілген, - деп хабарлады әкімдіктегілер.