Облыста маусым басталғалы алты адам суға батып кеткен
Жазатайым оқиғалардың барлығы тыйым салынған жерде суға түсу салдарынан орын алған
ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков судағы жазатайым оқиғалар статистикасын атады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Маусым басталғаннан бері облыста 6 адам суға батып кетті, оның ішінде 1 бала бар. Қайғылы оқиғалар Шемонаиха ауданындағы Уба өзенінде, Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында, Глубокое ауданындағы Глубочанка өзенінің жасанды су қоймасында, Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде және Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма су қоймасында болды. Барлық жағдайлар шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелді, - деді Руслан Орынбеков.
Осы орайда ол азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске салды.
Тек рұқсат етілген және жабдықталған орындарда шомылыңыздар, облыс бойынша олардың саны 22, аталған учаскелер туралы ақпарат ШҚО әкімдіктері мен ТЖД ресми сайттарында орналастырылған, - деп түйіндеді Руслан Орынбеков.