Катонқарағай ауданында шыққан өрт әлі сөнген жоқ
ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері биік тауда орын алған тілсіз жаумен әлі арпалысып жүр
18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте түтін ошағы байқалған, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірден Казавиаормакүзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Әуеден барлау нәтижесінде шамамен 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатқаны байқалды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әуе-десанттық дивизиясының МИ-8 тікұшағы өрт орнына десанттарды жеткізу жұмыстарын жүргізуде.
Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, "Қазавиаорманкүзеті" ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.