ШҚО-да жұмыс іздеп шетелге кететін жастар саны азайған
Шығыс Қазақстан облысында алтыншы жыл қатарынан "Білікті маман" жобасы жүзеге асырылуда
Жобаның арқасында жастардың өзге елдерге кетуі 1800 адамнан 298 адамға дейін төмендеді және ең бастысы, жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 77%-ға дейін ұлғайған, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО Білім басқармасы ақпаратына сүйені.
Басқарма мәліметі бойынша, жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті бюджеттен 2306 білім беру гранты бөлінген.
Ағымдағы жылы 270 білім беру гранты медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты өңірге қажетті мамандықтарға бағытталатын болады. Конкурстың қатысушыларына білім беру грантын алу үшін өтініштер 5-10 тамыз аралығында қабылданады, - деді ШҚО Білім басқармасының мамандары.
Сонымен қатар, құжаттарды тапсыру кезінде шалғай аудандардан келген талапкерлер бейнебайланыс арқылы кеңес ала алады.
Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларының жоғары білім аулға басымдық береді. Осы мақсаттар үшін бірқатар санаттар үшін квоталар белгіленді – бұл бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар, бала кезінен мүгедек адамдар; жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; ауыл жастары; ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары; үш жыл бойы толық емес мәртебесі бар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар. Міндетті шарт – өтінішке квотаны растайтын құжаттарды қоса беру қажет, - делінген хабарламада.