Күршім ауданының әкімдігі жанармай қымбаттауы мүмкін екенін ескертті

Күршім ауданында жанармай тапшылығы мәселесі туындап отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданының әкімдігі жанармай қымбаттауы мүмкін екенін ескертті
Фото:
Устинка LIVE

Осыған байланысты баға да қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE аудан әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

3 шілдеден бастап Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары басталғандықтан, зауыт жұмысы уақытша тоқтатылды.

Осыған байланысты ауданда бензин тапшылығы туындап отыр. Өйткені аудандағы жеке кәсіпкерлер "АИ-92" маркалы бензинді Павлодар қаласындағы "Парнас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен алып отырған. Қазіргі күнде кәсіпкерлермен бірлесіп, облыс ішінде бензин сатумен айналысатын фирмалармен келіссөз жүргізіліп жатыр, - делінген Күршім ауданы әкімдігі хабарламасында.

Следующая →