Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +27°
$
440.9
-0.02
475.95
+0.59
¥
60.95
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да шағын және орта бизнесті қолдауға 36 млрд теңге бөлінді

Жыл басынан бері 2,5 мыңнан астам жаңа бизнес идеялар мемлекет тарапынан қолдау тапты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да шағын және орта бизнесті қолдауға 36 млрд теңге бөлінді
Фото:
pexels.com

"Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде атқарылып жатқан істер жайында ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Марат Қабақов айтып берді, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Өңірде шағын және орта бизнесті дамуытуға 36 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде субсидиялауға, кредиттерге кепілдік беруге және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беруге 8,1 млрд теңге, жастарға 2,5% жылдық жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша шағын кредит беруге 1 млрд теңге, азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін өтеусіз гранттар беруге (400 АЕК дейін) 323 млн теңге, бағдарламалар шеңберінде агроөнеркәсіптік секторды дамытуға бөлінген субсидиялауға 26,6 млрд теңге бөлінді, - деді Марат Қабақов.

Сонымен қатар, 2023 жылдың басынан бері бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 22,1 млрд теңгеге 2,5 мыңнан астам жоба қолдау тапты. Бұл шаралар салық төлемдерін 1,4 есеге, инвестициялар көлемін 15%-ға ұлғайтуға және жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілері санының 14%-ға өсуіне мүмкіндік берді.

Облыста жыл сайын отандық брендтерді насихаттау және ілгерілету мақсатында "Қазақстанның үздік тауары" байқауы өткізіледі. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, тұрақты түрде жастарды бизнес негіздеріне оқыту жүргізіледі. 

Өңірде қала құраушы кәсіпорындардың айналасында бизнес субъектілерінің әріптестік белдеулері құрылуда. Соңғы 5 жылда 5 мыңға жуық қазақстандық компания "Қазмырыш" ЖШС-ның серіктесі болып, 300 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Ағымдағы жылы отандық тауар өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен әріптестік бағдарламасы аясында 18 млрд теңгеге 13 оффтейк-келісімшарт пен меморандум жасалды, - деп атап өтті Марат Қабақов.

Следующая →