Шығыс Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі сақталады
ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері апта басынан бері жиырма рет шақыртуға шыққан
Адамдардың абайсыздығынан және найзағай түсуінен құрғақ шөп жану жағдайлары жиі орын алады, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 250-ден астам адамнан тұратын 46 мобильді топ жұмыс істейді. Олар орман аймағындағы алқаптарға мониторинг жүргізеді және рейдтік іс-шаралар өткізеді, рейдтік іс-шаралар барысында 51 өрт қауіпсіздігін бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Алдағы күндері облыс аумағында күн қатты ысып, жоғары өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты ШҚО ТЖД азаматтарға орманға барудан бас тартуды ұсынады.