Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
463.77
-3.52
495.49
-5.54
¥
63.82
-0.52
5.31
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекеттік аудиторлар мектептердегі ақша жымқыру фактілерін жасырып, ол үшін пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы ірі көлемде ақша жымқыру істерін тергеуді жалғастыруда

Новости Казахстана / Мемлекеттік аудиторлар мектептердегі ақша жымқыру фактілерін жасырып, ол үшін пара алған
Фото:
pexels.com

Бұндай фактілер Қазақстанның бірнеше өңірінде анықталған, деп хабарлайды Устинка LIVE Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратына сүйеніп.

Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты "өлі жандардың" шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланған.

Тергеу барысында Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге сомасында пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған, - деп мәлімдеді агенттіктің ресми өкілі Арман Тлеукенов. - Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылды.

Осыған ұқсас факт Алматы облысында да анықталған. Онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алған.

Осы факті бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сонымен қатар, Түркістан облысында мемлекеттік ревизор - облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп мәлімдеді Арман Тлеукенов.


Следующая →