ШҚО әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды
ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев қызметінен босатылып, орнына Бақытжан Байахметов тағайындалды

Фото:
ШҚО әкімдігінен
Сондай-ақ, ШҚО әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE облыс әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
ШҚО әкімі аппараты басшысы қызметін енді Ербол Нұрғалиев атқарады.
Ал 2020 жылдан бері ШҚО әкімінің орынбасары болған Ержан Ақтанұлы өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Ал ШҚО әкімінің орынбасары қызметіне Бақытжан Байахметов тағайындалды.