Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жауынгерлер арасында күрең берет кию құқығына ие үміткерлерді таңдау сынақтары өтті

Ішкі істер министрі Ұлттық ұланның арнайы жасағындағы жауынгерлерге күрең берет табыстады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жауынгерлер арасында күрең берет кию құқығына ие үміткерлерді таңдау сынақтары өтті
Фото:
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен

9-12 шілде аралығында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Өскемен қаласындағы Оқу орталығы базасында күрең берет кию құқығына ие үміткерлерді таңдау сынақтары өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері арасынан 19 үміткер барлық сынаққа төтеп берді.

Биыл сынақтарға 80-нен астам әскери қызметші қатысты. Емтиханға рұқсат алу үшін олар теориялық тестілеуден өтіп, дене шынықтыру, биіктіктегі дайындық, арнайы құрылғылармен төмен түсу, байланыс дайындығы, медициналық дайындық бойынша және т.б. емтихан тапсырды.

Күрең беретке үміткерлердің қорытынды сынақтарының бірінде ауа температурасы 40 градустан жоғары болды. Соған қарамастан олар таулы аймақта 30 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Қатты ыстыққа қарамастан үміткерлер “зигзаг” және “пластун” тәрізді қозғалу нормативтерін тапсырды. Окоп қазу бойынша сынға түсті. "Жараланған" жолдасын 100 метрге сүйреп апарды. Содан кейін газға қарсы маска киген қалпында ауасы ластанған 400 метр жерді еңсерді. Содан кейін бастапқы жүгіру мәнерін қайта жалғастырды. Мұның бәрі белгіленген уақытта және белгіленген нормативтерге сай жүргізілді, - деді “Бүркіт" арнайы жасағының жауынгері Зверь.

imgonline-com-ua-Resize-06aXCrzDjSosrZY.jpg

Сынақ кезінде әр үміткер физикалық және психологиялық күйзелістерге тап болды. Олар кезіккен қиындықтарды жеңіп, мәреге жету үшін командалық төзім, ерік-жігер мен ұйымшылдықты көрсетті.

Бұл сынақтан өту мен үшін ұмытылмас тәжірибе болды. Шеруден және кедергілерден өткеннен кейін мен жеңіске ұмтылған қарсыластармен бетпе-бет келдім. Жекпе-жек күрең беретке жету жолындағы соңғы сынақ болды. Мен шаршау мен ауырсынуға қарамастан күресуге тырыстым. Күрең берет иелерімен шайқасқа түсу оңай болған жоқ. Дегенмен бойдағы адреналин сезімі мені алға жетелеп отырды. Нәтижесінде барлық үш раундқа да төтеп бере алдым, - деді "Ричи" лақабатымен жүрген әскери қызметші.

imgonline-com-ua-Resize-YEpucbULIV73TO5.jpg

Кейінірек, салтанатты жағдайда, барлық сынақтардан сәтті өткен және соңғы кезеңнің қиындықтарына төтеп берген 19 үміткерге қастерлі күрең берет табысталды.

Сіздер физикалық және моральдық жағынан күрделі сынақтардан өттіңіздер. Сіздердің адалдықтарыңыз бен кәсібиліктеріңіз жас ұрпақ үшін және барлық тәртіп сақшыларына үлгі. Бұл сіздердің командирлеріңіздің, нұсқаушыларыңыздың және сіз әскери қызмет өткеріп жатқан ұжымның қолдауы мен дайындығының арқасында қол жеткізген жетістіктеріңіз болып саналады. Жоғары шеберлік пен бірлескен қызмет кез келген сын - тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге төтеп беруге, Отанымызды қорғауға дайын элиталық бөлімшелерді құруға ықпал етеді, - деді ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов.

imgonline-com-ua-Resize-4zhD6w3NSxq.jpg

Биыл "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін күрең берет Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахмеджановқа да табыс етілді.
Айта кету керек, "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің жауынгерлерінің емтиханы мен дайындық деңгейі Өзбекстан Республикасынан келген әріптестер тарапынан да жоғары бағаға ие болды. Олар Ұлттық ұлан қолбасшылығына қазақстандық арнайы жасақтың өміріндегі маңызды тарихи сәттердің біріне куә болуға мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдірді.


Следующая →