Күршім ауданында жер сілкінісі болды
Бүгін таңертең 6.00-де Күршім ауданында 2 балдық дүмпулер сезілді
Фото:
Устинка LIVE
13 шілдеде сағат 6.00-де Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Құйған ауылынан 20 км таулы жерде орналасқан, ошақтың тереңдігі 15 км, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Күршім ауданында қарқындылығы 2 балл болатын дүмпулер сезілді. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен залал келгені туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Осы орайда ШҚО ТЖД жер сілкінісі жағдайындағы қауіпсіздік шараларын еске салады:
- Алғашқы дүмпулерді сезінген сәттен бастап қауіпті ауытқуларға дейін сізде 15-20 секунд бар. Ғимараттан тез шығу қажет.
- Көшеде ашық кеңістікке қарай кетуге тырысыңыз. Ғимараттардан, биік ағаштардан, электр желілерінен аулақ болыңыз.
- Егер сіз көлікте болсаңыз, ашық жерде болыңыз, бірақ тербеліс тоқтағанша көліктен шықпаңыз.
- Егер сіз ғимараттан кетуге үлгермесеңіз, салыстырмалы түрде қауіпсіз орынға - ішкі қабырғаға, бұрышқа, ішкі қабырға саңылауына немесе тіректерге тығылуыға тырысыңыз. Мүмкін болса, үстелдің астына жасырыңыз - ол сізді құлап жатқан заттар мен қоқыстардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз. Егер балалар сізбен бірге болса, оларды өзіңіз қорғаңыз.
- Тербелістер аяқталғаннан кейін ғимараттан шығыңыз.