Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскерилер ерекше қажеттілігі бар балаларды қуантты

Өскемен қаласында жүрген Ұлттық ұланның ән-би ансамблі концерттік бағдарламамен "Мархабат" түзету балабақшасына барып, тәрбиеленушілерге ерекше көңіл күй сыйлады

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскерилер ерекше қажеттілігі бар балаларды қуантты
Фото:
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Ақпараттық-насихаттық топты бастап келген генерал-майор Қайрат Үмбетов сапарларының мән-жайын түсіндіріп, мекеме қызметкерлеріне қоғам игілігі жолында атқарып жүрген жұмыстары үшін алғысын білдіріп, балаларға мықты денсаулық тіледі. Сонымен қатар, оңалту мекемесіне Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан арнайы сыйлық тарту етті.

Дамуы мен жетілуінде іркілістері бар балалар мен жасөспірімдер орталығының бөлім меңгерушісі Гүлшат Ғұмарбекқызы меймандарға алғыс білдірді.

Біздің тәрбиеленушілерімізге Ұлттық ұлан өнерапаздары ұсынған концерт ұнады. Өйткені бізге кәсіби әншілер жиі келе бермейді. Сондықтан болар олар қонақтарымызды кешеден бері күтіп жүрді. Ал бүгін біздің балалар әскери қызметшілермен қосылып ән салды, тіпті олармен бірге биледі. Жүздерінен қуанғандары көрініп тұр. Оның үстіне балаларға деген базарлықтары бар екен. Біздің балаларды елеп-ескергені үшін біздер де қуанып қалдық, - деді Гүлшат Ғұмарбекқызы.

Концерттік бағдарлама барысында рухты және көңілді шығармалар орындалды. Кездесу соңында түзету балабақшасының тәрбиеленушілері атынан келушілерге Эрик Жұмағалиев пен Евгений Дерябин лебізін білдірді.

Бізге келіп, керемет көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін рахмет! Әрқашан жолдарыңыз ашық болғай. Мақсаттарыңыз орындала берсін. Бізге жиі келіп тұрыңыздар, - деді Эрик Жұмағалиев есімді бала.

Евгений Дерябин өз қолымен жасалған түймелерден бейнеленген күн астындағы ағаштың кескінін Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығына сыйға тартты.

Следующая →