Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Қонақжай отбасы" бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды

Катонқарағайдағы "қонақжай отбасыларда" 70-ке жуық бала болды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Қонақжай отбасы" бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Биыл Шығыс Қазақстан облысында балаларды ауылдағы отбасыларға уақытша тұрғызу арқылы қазақ тілін үйретуді көздейтін "Қонақжай отбасы" пилоттық жобасы қолға алынған, деп хабарлайды Устинка LIVE.

30 маусым күні жобаның бірінші кезеңі аяқталды.

Бұл бағдарламаға өңірдің 5 ауданынан 12 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысты. Барлығы 67 бала. 20 күн олар Берел, Өрел, Катонқарағай ауылдарында тұрып, тіл үйренді. Бағдарлама барысында балалар киелі орындарға, Оралхан Бөкей оқыған мектепке, марал, жылқы және ара шаруашылықтарына барып, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты. Келесі жылы да жоба өз жалғасын табады деп үміттенемін, - деді ШҚО ББ "Шығыс өңірлік орталығы" КММ ресурстық орталығының әдіскері Гүлжан Абышева.

Жобаға қатысушы Маргарита Проходова өз әсерімен бөлісіп, әр күндері ерекше өткенін атап өтті.

Біз кұрт, бауырсақ және т.б. қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйрендік. Мен тұрған отбасында мал шаруашылығы бар. Мен сиыр сауып та көрдім. Өкінішке қарай, біз тек 20 күн болдық, мен жаз бойы қуана қалар едім, - дейді Маргарита.

Тілді оқытудан бөлек, балалар өлкенің табиғатымен, мәдениетімен танысты. Балалар ұлттық аспаптарда ойнауды үйренді, спорттық жарыстарға қатысты, Катонқарағай ұлттық паркін аралады, сондай-ақ қазба алқабына барды.

Мен домбырада ойнауды үйрендім, бұрын ешқашан аспапты қолыма ұстап көрмеген едім. Қазір екі ән ойнай аламын. Ата-анама айтып едім, олар маған домбыра сатып әперуге уәде берді, әрі қарай домбыра үйренуді жалғастырғым келед, - деді жоба қатысушысы Нелли Молостова.

Следующая →