Белгілі боксшы қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан
Әлеуметтік желіде Астана қаласындағы дәмханалардың бірінде екі ер адамның арасында жанжал туындағаны бейнеленген видео тарады
Үкімет кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған төбелестің мән-жайына қатысты пікір білдірді.
Иә, ол Бейбіт Шүменов. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір онымен айналысып жатырмыз, - деді Қайрат Сөнтаев.
Вице-министрдің айтуынша, бұл істі "есептен шығарған" учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталған.
Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады, күні кеше ғана министр бұл мәселені көтерді, - деді Сөнтаев.
Сөнтаевтың айтуынша, төбелес кезінде Шүменов сау болған.
Бала зардап шеккен жоқ, бірақ жәбірленуші қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр, - деді министрдің орынбасары.