Өскеменде суперХҚО салу үшін қолайлы орын қарастырылуда
Облыс орталығында кез келген құжатты рәсімдеуге, қызмет түрі мен кеңес алуға болатын супер халыққа қызмет көрсету орталығы салынады
Құрылыс үшін таңдалған орын жарамсыз, тұрғындарға қолайлы орын қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
ШҚО-да барлық талаптарға сай келетін супер халыққа қызмет көрсету орталықтарын салу қажеттілігі біраз уақыттан өзекті болып келеді, - дейді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. - Өкінішке орай, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдары жеткіліксіз бейімделген. Сонымен қатар, оларда адамдарға мемлекеттік қызметтердің 750-ден астам түрі көрсетіледі. Супер ХҚКО-да кез келген құжатты рәсімдеуге, қызмет түрі мен кеңес алуға болады. Бұл Шығыс Қазақстанның цифрлық әлеуетін одан әрі арттырмақ. Нысанды салу орны біраз талқыға түсті.
Орталықты "Алтай" КСО жанынан салу нұсқасы ұсынылған. Бірақ облыс әкімінің айтуынша, бұл орын объективті себептерге байланысты мүлдем жарамсыз. Сондықтан Өскемен қаласының әкіміне бұл мәселені барынша сараптап, тұрғындар үшін қолайлы орын табуды тапсырды.
Сондай-ақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы ХҚКО құрылысы жүргізіліп жатыр. Жақын арада құрылыс нысанына барып, барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығымен танысатын боламын, - деді облыс әкімі.