Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

1 шілдедегі жағдай бойынша 14,1 мың жаңа жұмыс орындары ашылып қойған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады
Фото:
pexels.com

Жұмыссыздықты азайту мақсатында ағымдағы жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы бойынша 29,9 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанованың мәліметіне сүйеніп.

Жастарды 2,5%-бен несиелендіру аясында 1 млрд 90 млн теңгеге 218 несие беру жоспарланған. Бүгінгі таңда комиссия 441 млн теңгеге 100 өтінімді қарады, олардың арасынан 386 млн теңгеге 88 жоба мақұлданды, оның ішінде 301 млн теңгеге 67 жоба қаржыландырылды, - деді Динара Қожанова.

Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекске сәйкес 1 шілдеден бастап "Еңбек ұтқырлығы орталығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Осы уақытқа дейінгі 11 халықты жұмыспен қамту орталығы мансап орталықтарына айналды.

Өңірде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы белсенді түрде іске асырылуда. Биыл Ұлттық жобаларды іске асыруға және жастарға кредит беруге 8,1 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға 11 мың 984 адам қатысты, оның ішінде 7 мың 696 адам жұмысқа орналастырылды, - деп атап өтті ЖҚжӘБҮБ басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, спикердің мәліметінше, 2023 жылы 2 мың 252 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. 2022 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 533 отбасына азайды.

Следующая →