Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елдегі алғашқы "Алтын адамды" тапқан археолог бақилық болды

Кеше елімізге танымал профессор, тарих ғылымдарының докторы, Әбдеш Төлеубаев дүниеден озды

Новости Казахстана / Елдегі алғашқы "Алтын адамды" тапқан археолог бақилық болды

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Әбдеш Тәшкенұлының туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Ұлттық ғылым саласы қара жамылып, дарынды археолог, тарихшы, этнографтан айырылды, - деп жазды әлеуметтік желідегі өзінің ресми парақшасында. - Барлығымыз үшін бұл өте ауыр қайғы. Әбдеш Тәшкенұлының жаны жәннатта болсын!

Облыс әкімі Әбдеш Тәшкенұлының археология мен тарихтың тоғысында ғасырлар бойы жасырылған күрделі мәселелерді шешіп, тың бастамалар мен тарихи маңызы терең экспедицияларға бас болғанын атап өтті. Ол Тарбағатай, Сауыр және Шыңғыстай бөктеріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеу бағытында белсенді қызмет атқарып, 70-тен астам монографиялардың, мақалалардың және ғылыми жарияланымдардың авторы. Көптеген жас археологтар мектебін өсіріп, артынан асыл мұра қалтырды.

Әбдеш Төлеубаевтың есімі шығысқазақстандықтарға жақсы таныс. Өйткені оның Шілікті алқабындағы қазба жұмыстары ең танымал жаңалықтардың бірі болып табылады, онда б.з.д. VIII ғасырдағы Қазақстандағы ең алғашқы Алтын адам (Шілікті) табылды.

Следующая →