Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен гарнизонының іс жүргізуші мамандары лингвистикалық курстан өтті

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің мамандары лингвистикалық орталықтың сертфикаттарына ие болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен гарнизонының іс жүргізуші мамандары  лингвистикалық курстан өтті
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен
ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 27943 әскери бөлімінің әскери іс жүргізуші қызметкері мен азаматтық персоналы лингвистикалық курстан өтті.

Бұл бағдарламаның мақсаты - қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

Іс жүргізуді мемлекеттік тілде сауатты жүргізу мақсатында 2022-2023 оқу жылының қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан лингвистика орталығында тегін оқу курсына барған 10 тыңдаушы А2, В1, В2 деңгейі бойынша курсты сәтті аяқтап, сертфикаттарын алады.

Біздің орталықтағы оқытушыларының басты мақсаты - тыңдаушылардың сөздік қорын біртіндеп дамыту, еркін сөйлеге үйрету. Бұл курстағы әскери бөлімдерден келген қызметшілердің тіл үйренудегі ынта-жігерлерін ерекше атап өткім келеді. Қорытынды тестілеуде барлығы жоғары балл алып, өздерінің үйренген білімдерін қолдана алды, - деді Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Ләззат Кайдарова.

Іс қағаздардың мемлекет өміріндегі саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу – хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері – жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарды қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Следующая →