Іле-Балқаш резерватында өрт шықты
Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватында қамыс жанып жатыр
Өрт жетуі қиын батпақты жерлерде шыққан, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
30 маусымда сағат 11.00 жағдай бойынша өрт сөндірушілер мен ЖАО бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағындағы өрт аумағын 30 га азайты, - делінген хабарламада. - Өрт жетуі қиын батпақты жерлердегі жекелеген аралшаларда орын алуда.
Аралшаларға "Қазавиаорманкүзеті" авиатехникасымен десанттарды жеткізіліп, өрт мотопомпалар мен шанц аспаптарын пайдалана отырып, жерүсті тәсілімен сөндірілуде.
Өртті сөндіруге 80 адам мен 22 техника жұмылдырылды.