ШҚО-да 3,5 тонна спирт тәркіленді
Облыстың тәртіп сақшылары құрамында спирт ерітіндісі бар 700-ден астам бөтелке тапты
Тәркіленген заттар сараптамаға жолданды, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Өскемен қалалық ПБ Ертіс аудандық ПБ тәртіп сақшылары құрамында спирті бар ерітінді партиясын тасымалдау фактісін анықтады.
26 маусымда Өскемен қаласында полиция қызметкерлері облыс орталығының 41 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Hyundai" маркалы микроавтобусты тоқтатқан, - делінген хабарламада. - Автокөлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары тиісті құжаттары жоқ, құрамында спирті бар сұйықтықпен толтырылған 739 пластикалық бөтелкені тапқан.
Тәркіленген заттарды әрі қарай тексеру үшін сараптамаға жолданды.