Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайлық Мирас Ерболов Чехиядан бас жүлдемен оралды

Ол Прага қаласында өткен Diamonds voice дәстүрлі халықаралық байқауынан жақында ғана оралды

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарағайлық Мирас Ерболов Чехиядан бас жүлдемен оралды

Жиырмаға жуық қатысушылардың арасынан байқаудың бас жүлдесін қанжығалап қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осыған дейін 2014 жылы бұл байқауға Мархаба Сәби қатысып, еліміздің атын танытып қайтқан еді.

Айта кетейік, Катонқарағай ауданының тумасы Мирас Ерболов ақпан айында "Х-Фактор" шоуының тоғызыншы маусымының жеңімпазы атанған болатын.

"Х-Фактор" байқауынан кейін бірден "Славян базары" байқауының кастингіне барған болатынмын. Өкінішке қарай, өтпей қалдым. Өскеменде өтетін концертке асыққандықтан, байқау қорытындысын күтпей кетіп қалып едім. Сөйтсем, "Славян базары" байқауына баруға бір ғана адам өткенімен, сол уақытта басқа елдердегі байқауларға да жолдама беріліпті. Маған Чехияға жолдама берілген екен, - дейді әнші.

Еліміздің атынан өнер көрсетуге шетелге шығарда біраз есіктерді қаққанын айтады жас әнші.

"Толыбай" деген волейбол командасы бар. Сол команданың демеушісі, өнерге мүлдем қатысы жоқ азамат Прагаға барып-келер билетімді алып берді. Сол азаматқа алғысым шексіз. Ал басқа шығындар өз қалтамнан. Бірақ байқаудың финалына шыққанда "Ертіс концерт" мекемесінен хабарласып, бүкіл шығындарыңды өтеп береміз деген еді, - дейді Мирас Ерболов.

Байқауға Славакия, Австрия, Латвия, Молдова сияқты бірнеше елдің өнерпаздары қатысқан. Мирас мықты қарсыластардың арасында жеңіс үшін күрестің күшті болғанын айтады.

Байқағаным - шет елде бұндай байқауларды дүркіретіп өткізуді ұнатпайды екен. Бұл телевизиялық байқау емес. Бірақ жақсы әсер алдым, шет ел көріп келдім, - деп әсерімен бөлісті әнші. - Байқау шарттары бойынша өз тіліңде және әлемдік хиттердің бірін орындау керек болды. Мәди Сыздықовтың репертуарынан "Сағындым" әнін, Джо Кокердің "My Father’s Son" әнін айттым, - дейді Мирас Ерболов.

Айта кетейік, Мирас Үлкен Нарын ауылындағы лицейде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Бірақ әнді, өнерді ұстаздық қызметімен қатар алып жүр. Қазіргі уақытта Алматы қаласында музыкалық студиясын ашқан, жаңа әндер жазып жатыр.

Следующая →