ШҚО өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Демалыс күндері ШҚО-да бес рет терек мамығының өртену жағдайлары тіркелген
Жазды күндері тәулігіне 15-20 рет шөп өртенетін кездер де болады. Өңірдегі өрт сөндірушілер әсіресе қазіргі аптап ыстық күндері сақадай сай отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, мұндай өрттерді сөндіруге жалынның жылдам таралуы кедергі келтіріп жатады.
Алдағы күндері облыста қатты ыстық ауа райы сақталады, кей жерлерде 41 градусқа дейін жетеді. Тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы қажет. Өрт қауіпті кезеңде облыста өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган мамандарынан 300-ге жуық адамнан тұратын 46 мобильді топ құрылған. Уақтылы алдын алу және жүргізілген 280-ден астам рейдтің арқасында өрт қауіпсіздігін бұзған 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- Терек мамығы тез тұтанады, көз ілеспес жылдамдықпен жанады. Тұрғындар отты пайдаланған кезде абай болуы керек.
- Тұрғындар мен коммуналдық қызметтер аулаларды, тротуарларды, гараж кооперативтерін қоқыстан тазартып, қауіпсіздік үшін қауіпті аймақтарға су шашып отырғаны дұрыс.
- Сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз. Ата-аналар балаларға сіріңке мен оттықпен ойнаудың қауіптілігі ескертуі керек.
- Көшедегі шөпті өртеуге болмайды және көлік терезесінен сөндірілмеген темекі тұқылын тастамаңыз.
- Аудандарда өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеу қажет.
- Жазғы саяжайларда алғашқы өрт сөндіру құралдарын қол жетімді жерде ұстаңыз: су құйылған бөшке, өрт сөндіргіш.
Рұқсат етілмеген жерде от жағу, құрғақ шөпті тұтату және оны қараусыз қалдыру, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша жауапқа тартуды көздейді.