Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да аптап ыстық басталды

Сәрсенбі күні өңірдегі ауа температурасы 41 градусқа дейін ыстық болмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да аптап ыстық басталды
Фото:
depositphotos.com

Синоптиктер осы аптада аптап ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 5 маусым күні түстен кейін облыстың басым бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Ал 7 маусым күні түстен кейін Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында 41 градус қатты ыстық болады деп күтілуде. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеу қажеттігін еске салады.

ШҚО ТЖД халықтан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

- өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбаңыз - учаскелерде және оған іргелес тұрғын үйлерде құрғақ шөпті уақтылы шабыңыз - далада от жағуға болмайды - ашық ауада болған кезде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, тікелей күн сәулесінен аулақ, мүмкіндігінше көлеңкеде болыңыз - балаларды қараусыз қалдырмаңыз - шомылу үшін тек жабдықталған су қоймаларын таңдаңыз

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112" нөміріне қоңырау шалыңыз.

Следующая →