Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -6°
  • Қарағанды
    -11°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -3°
$
514.65
544.6
¥
70.84
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шетел азаматы тапшан-көлікпен 12 адамды Ресейге алып бара жатқан

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 12 жолаушысы бар тапшан-көлікті анықтады

Новости Казахстана / Шетел азаматы тапшан-көлікпен 12 адамды Ресейге алып бара жатқан
Фото:
Polisia.kz

Көліктегі 12 жолаушының бесеуі бала, деп хабарлады Polisia.kz.


Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ГАЗель автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде автокөліктің салоны отыратын тапшанға айналғандығы анықталды. Салон ішінде 12 жолаушы, оның 5-еуі бала болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынғандығы белгілі болды.

Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқандығы анықталды. Олардың заңсыз түрде қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққан. Ең бастысы дер кезінде анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, - деді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулетбек Жанғабылов.

Следующая →