Шығыста Қазақстанның барлық өңірінен Ұлттық ұлан офицерлері жиналды
Ұлттық ұланның 40-қа жуық офицері кәсіби даярлықтарын шыңдау мақсатында Қазақстанның түпкір-түпкірінен Өскеменге жиналды
Облыс орталығында Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары мен академиясы және әскери бөлімдерінің штаб бастықтарының әскерлер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі жөніндегі орынбасарларымен тәжірибелік даярық өтуде.
Бір апта бойы ұландықтар тактикалық айла-тәсілдер мен күзетілетін аймаққа жасалған шабуылдарға төтеп беру бойынша практикалық дайындықтан өтеді. Дайындық барысында офицерлер түрлі жағдайда қарудан ату және басып алу мен бұзушыны жою сынды бірнеше оқу сұрақтарын қарастырды, - деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. - Өздерінің кәсіби даярлықтарын тексеру мақсатында офицерлер лауазымдық міндеттері мен жетекшілік құжаттар талаптары бойынша емтихан тапсырды.
Оқу-әдістемелік жиын барысында әскери бөлім кезекшісі мен оның көмекшісінің төтенше жағдай барысындағы әрекеттері бойынша сабақтар өткізілді.