Шығыста Қазақстанның барлық өңірінен Ұлттық ұлан офицерлері жиналды
Ұлттық ұланның 40-қа жуық офицері кәсіби даярлықтарын шыңдау мақсатында Қазақстанның түпкір-түпкірінен Өскеменге жиналды
![Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыста Қазақстанның барлық өңірінен Ұлттық ұлан офицерлері жиналды Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыста Қазақстанның барлық өңірінен Ұлттық ұлан офицерлері жиналды](/upload/iblock/e0d/qcqpumn4dqd0xibx7rgqb3v4q8qshi0l/imgonline_com_ua_Resize_eC5u8pEh4Vca.jpg)
Облыс орталығында Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары мен академиясы және әскери бөлімдерінің штаб бастықтарының әскерлер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі жөніндегі орынбасарларымен тәжірибелік даярық өтуде.
Бір апта бойы ұландықтар тактикалық айла-тәсілдер мен күзетілетін аймаққа жасалған шабуылдарға төтеп беру бойынша практикалық дайындықтан өтеді. Дайындық барысында офицерлер түрлі жағдайда қарудан ату және басып алу мен бұзушыны жою сынды бірнеше оқу сұрақтарын қарастырды, - деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. - Өздерінің кәсіби даярлықтарын тексеру мақсатында офицерлер лауазымдық міндеттері мен жетекшілік құжаттар талаптары бойынша емтихан тапсырды.
Оқу-әдістемелік жиын барысында әскери бөлім кезекшісі мен оның көмекшісінің төтенше жағдай барысындағы әрекеттері бойынша сабақтар өткізілді.