Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі әскери қалашық балаларға мереке ұйымдастырды

Әскери қызметшілердің балалары үшін түрлі танымдық ойындар, спорттық эстафеталар ұйымдастырылып, тәтті-дәмділер таратылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі әскери қалашық балаларға мереке ұйымдастырды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

"Шығыс" өңірлік қолбасшылыған қарасты №27943 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің балалары үшін мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Шараға әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Мұнда балаларға қызықты танымдық ойындар, спорттық эстафеталар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер би билеп, ән шырқады.

Бүгін әскери бөлімде балалар үшін мерекелік шара ұйымдастырып жатырмыз. Осындай іс-шаралардың өткізілуі жас ұрпақтың бойында өз Отанына деген ыстық сезімді оятып, еліміздің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді деген ойдамыз, - деді №27943 әскери бөлім командирі полковник Азамат Абикенов.

Сондай-ақ, шара барысында балаларға арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ, балаларға тегін балмұздақтар таратылды.

Әскери қызметшілердің балалары үшін ұйымдастырылған бүгінгі мереке жоғарғы деңгейде өтті. Балаларға өте қызықты, барлығы ұнап жатыр. Бала күлсе, бақыт құлағын түреді дегендей, бүкіл мерекелік бағдарлама шаттық пен қуанышқа толы болды, - деді қала тұрғыны Гүлмарал Мусурманкулова.

Следующая →