Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлты өзге әскерилер мемлекеттік тіл байқауында бақ сынады

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы жыл сайын өзге ұлт өкілдері арасында "Мемлекеттік тіл – менің тілім" байқауын ұйымдастырады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлты өзге әскерилер мемлекеттік тіл байқауында бақ сынады
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Өскеменде сайыстың 2-кезеңі өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Сайыстың негізгі мақсаты – мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан тілдік саясатты жүзеге асыру, насихаттау. Күнделікті жауынгерлік қызметте, қарым-қатынаста мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Одан қалды, мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс білдіріп жүрген әскери қызметшілерді ынталандыру, - дейді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының отставкадағы подполковнигі Ботагөз Рыспаева.

Жарысқа Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 7 әскери қызметкер қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырса, одан кейінгі кезеңде мақал-мәтелдер айтып жарысты. Шешуші "Өрлеу" кезеңінде арнайы сахналық қойылым қойды.

Біздің ана тіліміз, қазақ тіліміз – мәдени және рухани азығымыз. Сондықтан оны әр қоғамдық қарым-қатынаста белсенді қолданып, жандандыру - біз үшін үлкен міндет және парыз, - дейді Ботагөз Тайшыбекқызы.

Сайысқа қатысушылардың бірі Павлодардағы №6679 әскери бөлімінің командирі, кіші сержант Николай Капитулин қазақ тілін бала кезінен жетік меңгерген. Оның пікірінше, әр азамат мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс.

Әскерде де тіл білу маңызды негізі. Мен өзім ауылда үйрендім. Қазір әскерде оны ары қарай жетілдіріп, меңгеріп жатырмын. Әскерге келген сарбаздар Қазақстанның жан-жағынан жиналады. Солармен қатар жүріп те тілді меңгеріп алуға болады, - дейді ол.

Екінші кезеңнің жеңімпаздары қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Следующая →