ШҚО-да ерекше балаларға арналған екі орталық ашылды
Бүгін Өскеменде бала дамуындағы ауытқушылықтарды ерте анықтау орталығы және аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталық ашылды
Бұл өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін маңызды әлеуметтік нысандар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің ақпаратына сүйеніп.
Ал шілде айынла Ана мен бала орталығы базасында нейро-ортопедиялық бұзылулары бар 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған "Қамқорлық" ерте көмек бөлімшесі ашылады. Бұл бір жылда даму кемістігі бар және олардың пайда болу қаупі туындаған 600 балаға абилитациялық және оңалту көмегін алуға, сондай-ақ диагностикалық аудиологиялық тексеруден және соңғы жабдықта мидың ЭЭГ-нен өтуге мүмкіндік береді. Мұнда реабилитолог-дәрігерлерден, невропатологтардан, емдік дене шынықтыру нұсқаушыларынан, еңбек терапевттерінен, логопедтерден және дефектологтардан тұратын көпсалалы мамандар тобы жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар,"Үлбі" қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында аутизмі бар балаларға арналған "Қамқорлық" орталығы ашылды
Онда мамандар әр баламен жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Мұнда балалармен АВА-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, адаптивті және емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы, арт-терапия, музыкалық терапия, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, логопедпен, психологпен және логопедпен сабақтар өткізіледі, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Екі әлеуметтік нысан да аймақ үшін өте маңызды. Өйткені біздің міндетіміз - біріншіден, балалардың дамуындағы ақауларды ерте анықтау және оларды сәтті емдеу үшін барлық жағдайларды қамтамасыз ету. Екіншіден, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін білім алу және қоғамға интеграциялау үшін барлық жағдайларды жасау.