Бүгін Өскеменде тағы да жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Қаланың кей аудандарында қатты дүмпулер естілуі мүмкін
Жарылыс жұмыстары 24-ші шағын ауданда жүргізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE Өскемен қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
"KazExplo Service" ЖШС ақпараты бойынша 2023 жылғы 01 маусымда сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін "Өскемен қаласының 24-ші тұрғын ауданының бас жоспары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілері" нысанында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Осыған орай халықтан үрейге бой алдырмай, тыныштық сақтау сұралады.